Accessibility links

С. Лавров: "Демократия, реформа процестеріне сырттан қысым болмауы керек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Беларуста нағыз диктатура орнаған, ондағы жүйені өзгеруі қажет деп атаған соң бір күннен кейін, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Беларус жоғары билігінде күштеп өзгерістер жасауға өзінің қарсы екендігін айтты. Лавров бұл мәлімдемені НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін болған баспасөз мәслихатында жасады.

Ол демократиялық және реформалық процестерге сырттан қысым жасалмауы керек деп атап көрсеткен. Кондолиза Райс бүгін Вильнюста Беларус оппозициясының өкілдерімен кездесуі тиіс.
XS
SM
MD
LG