Accessibility links

Бүгін НАТО мен Ресей әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды келісімге қол қойды


Бұл келісім тараптардың әскери күштерінің бірлескен жаттығуларын ұйымдастыру шараларын жеңілдете түседі. Келісім мақұлданар алдында НАТО-ның бас хатшысы Яаап де Хуп Схеффер бұл қадамды НАТО мен Ресей ынтымақтастығындағы айтулы кезең деп суреттеді:

- Мен Ресей мен НАТО ынтымақтастығындағы нақты кезеңді қуанышпен қабылдаймын. Бұл Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Бітімгершілік күштер келісімі бойынша әріптестікке қол қойған сәт.

Одақ сыртқы істер министрлерінің екі күндік басқосуында НАТО күштерінің Ауғанстанға, Ирақ пен Косоваға қатысы, Таяу Шығыстағы рөлі деген мәселелер талқыланады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG