Accessibility links

Ресей Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымын сынады


Венада өткен халықаралық коференцияда, Ресей бұрынғы коммунистік жүйе басқарған елдердегі сайлау барысын бақылаушы ұйымды сынады. Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Вешняков кейде сайлаулар демократияны жүзеге асыру үшін емес, саяси шешімдерді заңдастыру үшін қадағаланады деді. Бірақ, Вешняков қандай да бір елдің атын атамады.

Ресей Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Беларусте, Украинада және басқа да посткоммунистік елдерде өткен сайлауларға қатысты берген бағасын сынап келген еді. Венадағы бұл жолғы конференцияға 200 сарапшы қатысып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG