Accessibility links

Бүгін Молдовада ГУУАМ саммиті өтеді


Бүгін Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан және Молдова елдері құрған ГУУАМ аймақтық қауіпсіздік ұйымы басшылары Молдова астанасы Кишиневте кездеседі. Аталған елдердің ресми өкілдері осы ұйымды қайта қалпына келтіру жолдарын талқылайды. Өзбекстан бұл саммитке қатыспайды. Украина президенті Виктор Ющенко мен Грузия президенті Михаил Саакашвили нақты ұсыныстар жасайтындарын айтқан. Бұл ұйым осыдан сегіз жыл бұрын құрылған. Бірақ, ГУУАМ мүшелері қол қойған кейбір келісімдер әлі күнге жүзеге аспаған.
XS
SM
MD
LG