Accessibility links

Қытай мен Жапония қатынасы қиындай түсті


Қытай басшылары Жапония бас министрі Джунихиро Койзумидің кешірім сұрағынын әрқилы қабылдады. Койзуми Джакартада өтіп жатқан Азия және Африка елдерінің жиынында Жапонияның соғыс уақытындағы қимылдарына кешірім сұрады. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі ресми Пекин Койзумидің сөзін қабылдайды деді. Бірақ, бұдан соң Қытай сыртқы істер министрлігі жапон үкіметі мен парламент мүшелерінің Токиодағы соғыс кесенесіне барып, тағзым етуіне наразылық танытты. Кесенеде соғыс қылмыскерлері деп танылғандардың да есімдері құрметпен жазылған.

Жапония бас министрі Койзуми екі ел қатынастарын арттыру жолдарын сенбі күні Қытай президенті Ху Джинатомен талқылағым келеді деді. Бірақ, Қытай сыртқы істер министрлігі кездесу шарттары әзірше пысықталып болған жоқ деді.
XS
SM
MD
LG