Accessibility links

АҚШ бас прокуроры Закариас Муссауиге өлім жазасын сұрады


АҚШ бас прокуроры Альберто Гонзалез "Әл Қаида" ұйымының мүшесі Закариас Муссауи өлім жазасына кесілуін талап етеміз деді. 36 жастағы Франция азаматы Закариас Муссауи кеше Америка Құрама Штаттарының сотында айыпты деп табылды. Муссауи "Әл Қаида" ұйымына 2001 жыл 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдарды іске асыруға көмектесті деп танылды. Муссауи – үш мыңдай адамның өмірін қиған шабуылдар үшін АҚШ сотында айыпты деп табылған бірден-бір азамат.
XS
SM
MD
LG