Accessibility links

Путин Иранның ядролық қызметін тағы қорғады


Ресей президенті Владимир Путин Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына кедергі жасау Иранды қорлауы мүмкін, мұның салдары қиын болуы ықтимал деп айтты. Путин келесі аптада Израилге бармақ. Сапар қарсаңында Путин Израил телекомпаниясына сұхбат беріп, Ресей Иранға тек бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын дамытуға көмектескісі келеді деді. Израил және АҚШ Иран құпия түрде ядролық қару жасап жатуы мүмкін дейді. Иран мұны жоққа шығарып келеді. Ресей Иранның оңтүстігінде Бушер қаласында ядролық энергетика станциясын салуға көмектесіп жатыр.
XS
SM
MD
LG