Accessibility links

Сайлау мәселелері талқылаған конференция сәтсіз аяқталды


Австрия астанасы Венада сайлау бақылауы мәселелерін талқылаған халықаралық конференцияда Ресей талабы бойынша кеше ешқандай шешім қабылданған жоқ. Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Вешняков Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бұрынғы коммунистік елдердегі сайлауларды дұрыс бақыламайды, басқа елдердің саяси мақсаттары ықпал жасайды дейді. АҚШ өкілі Джон Гейл кейбір елдер ашық және әділ сайлау өткізу міндеттемелерін орындауға саяси жігер танытпайды деді. Екі күн бойы жабық есік жағдайында өткен конференцияға 200 шақты сайлау сарапшылары қатысты.
XS
SM
MD
LG