Accessibility links

Саакашвили демократиялық өзгеріс кезегі енді Беларус еліне жетеді деп болжам айтты


Молдова астанасы Кишиневте кеше ГУУАМ ұйымының жиыны өтті. Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдова президенттері Еуропамен жақындасу бағытында "демократиялық елдер одағын" құруға келісті. Ұйымға қатысушы бесінші ел - Өзбекстан президенті бұл жиынға келмеді. Жиын соңында Грузия, Украина, Әзірбайжан, Молдова президенттері және бақылаушы ретінде қатысқан Литва және Румыния президенттері бірлескен қарар қабылдап, Ресей Грузиядан және басқа бұрынғы совет елдерінен әскерін әкетсін деп үндеу айтты. Грузия президенті Михаил Саакашвили демократиялық өзгеріс кезегі енді Беларус еліне жетеді деп болжам айтты.
XS
SM
MD
LG