Accessibility links

Бұл күндері Ирақта ең басты назар елдің жаңа үкіметін жасақтау мәселесіне аударылып отыр деуге болады. Бірақ, өмір күн өткен сайын саясаттан гөрі экономика және қауіпсіздік мәселелерін алға шығарды.

Миллиардтаған доллар қаржы Ирақ экономикасын жандандыру жобаларына жұмсалуы тиіс болатын, алайда, соның азғантай бөлігі қажетке жараған тәрізді.

АҚШ Саддам Хусейінді тақтан тайдырып, оның билігін құлатқан екі жылдан бері, халықаралық қауымдастық Ирақтың әлсіреген экономикасын жандандыруға елеулі көмек, үлес қосамыз деп уәде етіп келді. Бірақ, олар айтқан миллиардтаған ақшаның тек аз ғана бөлігі діттеген жеріне жеткен.

Вашингтонның бір өзі 18 миллиард доллар береміз деп уәде еткен еді. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне сәйкес, соңғы айға дейін осы аталған қаржының үштен бір бөлігі ғана жұмсалған екен. Лондондағы экономикалық зерттеулер орталығының қайта құру процесін бақылайтын сарапшысы Нил Патрик Ирақтағы қайта құру шаралары 2003 жылы - ол басталған кезде күткендегіден баяу жүзеге асырылуда деп атап көрсетеді:

- Ирақта жүйе өзгергеннен кейін Коалиция билігінің орнауынан күткен үміт екіжақты еді, 18 миллиардқа қоса АҚШ-ың көмек береміз деген міндеттемесі тез арада жүзеге асатындай болған, шындығында, сол жылдың аяғына дейін орындалады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Ирақтың мұнай табыстары қайта құру процесіне елеулі қолдау бола алатындай қауіпсіздік жағдайлары жақсарған орта болуы керек еді.

Патриктің айтуынша, Ирақта қайта құру процесінің баяу жүруінің ең басты себебі - қауіпсіздік пробеламалары болып отыр. Бірақ, қайта жаңғыртудың тез жүрмеуінің басқа да бірқатар себептері бар, атап айтқанда, келісім-шарттарды жасасу мен жобалар төңірегінде нақты келіссөздер барысындағы бюрократия да аз кедергі емес. Және ол коррупциямен де байланысты, Патриктің пікірінше, Ирақта көлік, автомобиль үшін өндірілетін жанар-жағармайдың үштен бір бөлігі қара базар арқылы сыртқа шығарылады.

Дегенмен де, Ирақтағы қайта құру ісінде аздаған болса да өзіндік табыстар жоқ емес. Мәселен, оңтүстікте көтеріліс қимылдары басылып, олардың жетекшілері саяси процестерге қосылған соң, инфрақұрылымдық басты жобалар да жүзеге асырыла бастады. Басраның жанындағы порт жұмыстары жанданып, теміржол торабы салына бастады. Мұнда күніне 30-ға тарта жүк және жолаушы тасымалдайтын пойыздар жүріп, бұрынғы теміржол торабының жылдамдығын үш есе арттыруға мүмкіндік туады.

Ирақ реконструкциясы барысында барлығы жаңадан 93 алғашқы медициналық көмек беру орталықтарының құрылысын салу және 19 аурухананы жөндеуден өткізу керек. Егер қауіпсіздік шаралары жақсарып және жұмсалатын шетелдік қаржы тезірек түсетін болса, қайта құру істерінің қарқыны да жылдамдай беретін болады. Қайта құруды тездетіп жүргізу ісі - Ирақ үкіметінің мұнай табыстарын ұлғайту қабілетіне тікелей байланысты.

Әзірге Ирақтың мұнай өнеркәсібі АҚШ бастаған күштер Ираққа кіргеннен кейінгі айларға қарағанда мұнай өндіруді едәуір ұлғайтты. Бірақ, оның өзі соғысқа дейінгі орташа көрсеткіштен кейде ғана сәл асатын. Экономикалық зерттеулер орталығының өкілі Патриктің бағалауынша, 2005 жылы орташа мұнай өндірісінің көлемі 2.25 миллион баррель болады:

- Ал жылдың аяғына қарай біз аймақтың өзінде бұның 2,5 миллион баррелге жеткенін көреміз. Бұл Ирақ соғысына дейінгі апталардағыдан онша көп емес. Дегенмен де Ираққа коалиция күштері басып кіргеннен кейінгі алғашқы 2003 жылдың маусым-шілде айларындағы күніне 1,5 миллион баррелге жету үшін күрескен кезбен салыстырғанда, мұны жақсы жайт деп атауға болады.

Патрик Ирақ үкіметінің қайта құруды жүргізу тәсілі оның экономикасын ұзақ мерзімдік сауықтыру әдісін айқындайды дейді. Ол сондай-ақ, ең жоғары билік шенеуніктері аймақтық үкіметтердің көпшілігіне тән қасиеттермен, бөлінген қаржы-қорларды Министрлік ғимараттарын жаңартуға жұмсауға дайын тұрады деп ескертеді:

- Менің ойымша, біз көптеген жағдайда Ирақ ресурстарын қолданудың ең еркін тәсілдерін көреміз. Ирақ министрліктері феодалдық иелік түрінде өздерін тез арада қайта бекітті, бұны кейбір мағынасында Ирақ министрлерінің қауымдастықтағы тармақтар қолдауын біріктіру мақсатында деп түсінуге болады. Бұл Саддам Хусейін режимі тұсында қалыптасқан жайттың қалыпты, тыныштау түрде жалғасуы және көрші елдерде болып жатқан жайттар деуге болады.

Нил Патрик бұл тәжірибе жұмыс орындарын құрып, халықтың қалтасына қаржы түсуін тездетеді деген пікірде. Бірақ, оның ел экономикасының гүлденуі үшін өнеркәсіпті қалпына келтіріп, коммерциялық өндірісті дамытуға қосар үлесі тым аз болады дейді талдаушы.
XS
SM
MD
LG