Accessibility links

Еуропа одағы одан әрі кеңеймекші


Румыния мен Болғария елдері Еуропа одағына 2007-ші жылы мүшелікке қабылдану жөніндегі келісімге дүйсенбі күні қол қойды. Оған сондай-ақ ұйымға мүше 25 ел де қол қойған. Осы арқылы аталған ұйымға мүше елдер саны енді 27-ге жетпекші. Саяси және экономикалық реформалар ойдағыдай жүргізілмеген жағдайда, аталған мүшелікке өту мерзімі тағы бір жылға жылжуы мүмкін. Кеше, сондай-ақ, Еуропа одағы Сербия, Черногориемен де әріптестік шартқа келісім рұқсатын берді.
XS
SM
MD
LG