Accessibility links

Жапонияда болған пойыз апаты салдарынан қаза болғандар саны 73-ке жетті


Жапон ресми өкілдерінің айтуынша, дүйсенбі күнгі пойыз апатының кесірінен қаза болғандар саны 73 адамға жетіп отыр. Бұл оқиға Жапонияның батысындағы Амагасакиге жақын жерде болған-ды. Бұл оқиға соңғы қырық жыл ішінде Жапонияның пойыз торабында болған ең үлкен апат болып отыр. Жолдан шығып кеткен пойыз ғимаратқа барып соғылуы кесірінен қаза болғандардан бөлек, тағы 440 адам жараланған екен. Зерттеулерге қарағанда осы оқыс оқиғаға пойыз жылдамдығының шектелуі шамадан асып кетуі немесе 23 жастағы жүргізушінің тәжірибесіздігі себепші болса керек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG