Accessibility links

Жапониядағы жолаушы поезының апатқа ұшырауынан қаза болғандардың саны 100-ден асты.


ТОКИО: Жапонияда соңғы 40 жылдан бергі ең ірі поез апатының құрбандары 100-ден асты. Құтқару жұмыстары 4-інші күн жалғасу үстінде. Қаза болғандар одан да көп болады деген күдік бар. Дүйсенбі күні қала сыртына қатынайтын поездың Амагасаки қаласындағы тұрғын үйге келіп соқтыққан апатынан 400-ден аса адам жараланды. Полиция апаттың себептеріне дәлел іздеп поез операторының кеңсесін тінтіп шықты. Жолаушы поезы тым жылдам жүрген сияқты.
XS
SM
MD
LG