Accessibility links

Бас прокуратура тергеушілері Украинаның бұрынғы президентінен жауап алды.


КИЕВ: Украинаның Бас прокуратурасының тергеушілері журналист Георгий Гонгадзенің өліміне байланысты бұрынғы президент Л.Кучмадан бірнеше рет жауап алды. Оған Л.Кучманың президент кезіндегі күзетінің қызметкері болған Микола Мельниченконың құпия түрде үнтаспаға жазып алған Гонгадзе туралы сөзі себеп болған. Үнтаспада Л.Кучманың дауысына келетін дауыс интернет-журналист Г.Гонгадзені “жөнге салуды” тапсырады. Г.Гонгадзе – 2000 жылы Киевте хабарсыз жоғалып, 1 айдан кейін бассыз мәйіті табылды. Украина полициясының жоғары шенді 2 өкіліне кісі өлтірді деген айып тағылып, үшіншісіне Киевтен кетуге тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG