Accessibility links

Финалға “Челси” мен “Ливерпульдің”, “Милан” мен “Эйндховеннің” қайсысы шығады?


ЛОНДОН: Кеше кешкісін Лондонда Чемпиондар Лигасының жартылай финалында жергілікті Челси мен Ливерпуль командалары алаңға шығып, кездесу 0-0 есебімен аяқталды. 3 мамырға белгіленген қарымта кездесу Ливерпульге едәуір жеңілдік береді. Өйткені келесі кездесу оның өз алаңында өтеді. Жартылай финалдың екінші жұбында Голландияның Эйндховен клубы өз алаңында Италияның “Милан” командасын қабылдап, финалға шығуы үшін оны кемінде 3 доп айырмашылығымен ұтуға тиіс. Бірінші кездесуде “Милан” 2-0 есебімен ұтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG