Accessibility links

Х.Қарзай (Ауғанстан): “Аймақтағы тынышықтық пен тұрақтылыққа Ауғанстан да, Тәжікстан да аса мүдделі”.


КАБУЛ: Кеше Ауғанстан мен Тәжікстан есірткі контрабандасына қарсы бірлесіп күресу жөнінде уағдаласты. Кеше Ауғанстанға 3 күндік сапармен келген тәжік президенті Эмомали Рахмонов Кабулда Ауғанстан лидері Хамид Қарзаймен есірткі айналымына қарсы күрестен бастап энергетика саласындағы өзара ынтымақтастықты қамтитын 11 келісімге қол қойды. Өзара бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Хамид Қарзай: “Ауғанстанда тыныштық болса, Тәжікстанға пайдалы; Тәжікстандағы тынышықтық пен тұрақтылық ауғандықтарға пайдалы, оған екі ел де аса мүдделі. Екі ел бір-біріне егіз қозыдай ұқсас”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG