Accessibility links

Ирақтың жаңа үкіметі жасақталды, енді оны Ұлттық ассамблея бекіуге тиіс.


БАҒДАД: Ирақ премьер-министрі Ибраһим Әл-Джаафари 36 министр мен вице-премьерден тұратын жаңа үкіметті жасақтап болды. Жаңа үкімет Ирақтың негізгі қауымдастықтары болып табылатын сүннит және шийт мұсылмандары мен күрд өкілдерінен жасақталды. Шийттер 17, күрдтер 8 және сүнниттер 6 министр портфелін алады. Жаңа үкіметтің тізімі енді президент кеңесінің назарына ұсынылып, одан кейін жаңа үкіметті Ирақтың Ұлттық ассамблеясының депутаттары мақұлдауға тиіс. Ирақта парламент сайлауы қаңтар айында болып өтсе де, жаңа үкіметті үш ай бойы жасақтай алмай келді.
XS
SM
MD
LG