Accessibility links

Өткен 19 жылда 10-даған мың адам Чернобыль апатының құрбаны болды, 6 млн. халық апатты аудандарда тұрады


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Украина мен Беларуссияның және Ресейдің Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан жапа шеккен аудандарын қалпына келтіру үшін халықаралық көмекті ұлғайтуға шақырды. К.Аннанның атап көрсетуінше, адамзат тарихындағы ең зор техногендік апаттан кейінгі 19 жылдан бері оның зардаптары осы елдердің экономикасына, қоршаған ортаға және халықтардың денсаулығына кері әсер етіп келеді. БҰҰ-ының есебі бойынша, өткен 19 жылда ондаған мың адам қаза болған және әлі 6 миллионға жуық халық ластанған аудандарда тұрады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG