Accessibility links

Батыс елдерінің көпшілігі Сирияның Ливаннан өз әскерін толық шығарғанына күдікпен қарайды


ДАМАСК. Сирияның Ливаннан барлық әскерді шығардым деген мәлімдемесін Батыс лидерлерінің көпшілігі сақтықпен қабылдады. Әйтсе де БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Сирия армиясының Ливаннан толық шығарылғанын тексере алмайтынын атап көрсетті. Сирияның Ливандағы әскерін толық шығарғаны туралы хатты оның БҰҰ-ындағы өкілі Файсал Мекдад сейсенбі күні Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсырды. Оның атап көрсетуінше, хатта ресми Дамаск Ливандағы барлық әскерін, барлау қызметін және барлық жабдығын шығарғанын растайды. Сирия әскері Ливанда 30 жылдай тұрды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG