Accessibility links

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Таяу шығысқа өзінің төрт күндік сапарын бастайды


Бұл сондай-ақ, ресей жетекшісінің Израйлге алғашқы сапары болмақ. Путин бірінші Қайыр қаласына келіп, Мысыр президенті Хосни Мүбаракпен кездеседі. Кремльдің кеңесшісі Сергей Приходконың сөзіне қарағанда, Путин мен Мүбарак Ирақтағы жағдайды, Ливан мен Сирия мәселесін және Палестина мен Израйл арасындағы бейбіт процесті қалпына келтіру жайттарын талқыламақ. Сәрсенбі күні Путин Израйлға барып, премьер министр Ариель Шаронмен кездеспек. Ресейдің Иранмен ядролық қарым-қатынасы мен Мәскеудің Сирияға зымырандар сату шешіміне орай, Израйл жағының алаңдаушылығы артып отырғаны белгілі. Сол сияқты Путин Израйл басшыларымен кездесуден соң, Батыс жағалауда Палестина жетекшісі Махмуд Аббаспен жолығады.
XS
SM
MD
LG