Accessibility links

Румыния және Болгария басшылары Еуропа одағына қосылу жөніндегі келісімге бүгін қол қоймақшы


Бұл үдеріс ұйымға мүше елдер Сыртқы істер министрлері кездесуі барысында орын алмақшы. Межеленгеніндей, бұл екі ел ұйым құрамына 2007 жылы қаңтар айының 1-інде қабылдануы мүмкін. Алайда, аса маңызды экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыра алмаған жағдайда ол мерзім 2008-ші жылға дейін шегерілетін болады дейді келісім мәтіні. Одаққа мүшелікке үміткер елдерге сыбайласқан жемқорлыққа тоқтау салу және шекара бақылауы мен заңдық жүйені нығайту міндеттеліп отыр.
XS
SM
MD
LG