Accessibility links

Ғарышкерлер жерге оралды


Ғарышкерлер - ресейлік Салижан Шарипов, американдық Лерой Чао және италяндық Роберто Виттори мінген ғарыш кемесі дүйсенбі күні таң азанда Қазақстанның Арқалық қаласының солтүстігіне жақын маңға келіп қонды. Ғарышкерлер өздерін жақсы сезінсе керек. Шарипов пен Чиао мырзалар ғарыш бекетінде өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істеген болатын. Ал, италяндық Виттори болса, келесі ұзақ мерзімге жұмыс істеу үшін халықаралық ғарыш бекетіне жерден ұшқан ресейлік Сергей Крикалев және американдық Джон Филипспен көкек айының бас кезінде бірге ұшып барып, ғарышта 8 күн болып оралды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG