Accessibility links

Ливаннан Сирия әскерлерін шығару ісі-өз мәресіне жетіп қалды


Бұл жөнінде Ливан өкілдері ақпарат көздеріне хабарлаған. Әскерилердің қалған аз ғана бөлігі сейсенбі күнгі қоштасу кезінде шығарылмақшы. Сирия құпия қызмет өкілдері де елден шығу ісін аяқтамақшы. Осылайша, Сирия әскерлерінің Ливанда тұрған 29 жылдық тарихы аяқталып келеді. Ливанда 1975-1990-шы жылдары азамат соғысы болғаны белгілі. Сол соғыс басталғаннан бір жыл кейін, 1976-шы жылы Сирия әскерлері Ливанға кіргізілген болатын. Мұның өзі бұл елдің саяси өміріне Сирияның ықпалды болуына әсер еткен еді.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG