Accessibility links

Қырғызстанның Консультативтік кеңесі ел Конституциясын реформалауды бастап кетті


Кеңес құрамында заң шығарушылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Олар 10 шілдеде болатын президент сайлауы алдында өз ұсыныстарын дайындайды.

Қазіргі президент міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев Кеңес мүшелеріне президент пен парламент депутаттарын сот тергеуі жүргізілмейді деген иммунитеттен айыру жөнінде ұсыныс жасаулары керектігін айтқан. Ол сондай-ақ Кеңеске өлім жазасын алып тастап оны өмірлік түрме жазасымен алмастыру турасында өтініш түсірген.
XS
SM
MD
LG