Accessibility links

Ауғанстан бүгін Совет одағының қолдауында болған бұрынғы үкіметті жеңгенінің 13 жылдығын тойлауда


Кабулдағы мерекелеу кезінде бұрынғы Ауған патшасы Мохаммед Захир Шах елдегі қайта құруды жүргізу үшін халықты бірлікке шақырды. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай жиналғандарға ауғандықтар 1992 жылғы жеңістен кейін, өз еркіндігінің негізін, тәуелсіздігін, бейбітшілігін жоғалтып алған болатын, енді мұндай жағдай қайталанбас үшін, Ауған елі халықаралық қауымдастықтың, әсіресе АҚШ-ң тұрақты қолдауын қажет етеді деп атап көрсетті.

1992 жылы моджахедтер Ресей коммунистері қолдап келген соңғы президент Нажибулланы құлатқан болатын, алайда фракциялар арасында жалғасқан күрес Талибандарға жол ашып, солардың басымдығын туғызды.
XS
SM
MD
LG