Accessibility links

Британия премьер-министрі Тони Блэр Ирақ соғысының заңдылығы турасында алған кеңесі турасында қысымдар астында қалды


Сәрсенбі күні белгілі болған бір құжатта Британияның Бас прокуроры Лорд Голдсмиттің баяндамасында Ирақ соғысы БҰҰ-ы Қауіпсзідік кеңесінің кейінгі қарарынсыз заңды болуы мүмкін емес деген күмәні келтірілген деп жазылған.

Бірақ 10 күннен кейін Голдсмит соғыс заңды болады дегенді айтқан. Оппозицияның саяси қайраткерлері Голдсмит өз пікірін қысымға алынғандықтан өзгерткен деп мәлімдейді. Тони Блэр бүгін соғыс турасындағы өз шешімін қорғап былай деген:

- Бас прокурор Ирақ соғысы заңды деп айтты, бірақ ол бірде ең соңында мұндағы сұрақ әркімнің ақ саясаткершіл болуында деген. Біз фактіге қарсы тұрмай-ақ өтуіміз керек деп ойладық, біз БҰҰ-ң екінші шешімін ала алмадық па? Мен ол кезде ойлағам жане қазір де солай деп ойлаймын, елдің, әлемнің қауіпсіздігі үшін Саддамның билікте отырғаны емес, оның түрмеде отырғаны керек деймін.

Ал оппозиция тарабы Блэрді Ирақ соғысы турасында алдауға барды деп айыптауда. Британдық БАҚ-ы Блэрге қарсы Ирақ соғысының заңдылығы жайындағы бұл қысымдардың жалпыұлттық сайлауларға апта қалғанда жаңғырып отырғандығын жазады.
XS
SM
MD
LG