Accessibility links

Ресей президенті Владимир Путин Сирия мен Иран істеріне Израилдың көзін жеткізуге тырысты


Ресейдің Сирияға зымырандар сатуы мен Иранның ядролық бағдарламасына көмек көрсетуі жалғаса береді, бірақ аталған екі ел бұл арқылы Таяу шығыстағы күштер тепе-теңдігіне қатер төндірмеуі керек деп атап көрсеткен ол:

- Біз өзімізді жауапсыз ұстап отырған жоқпыз. Керісінше әріптестеріміздің пікірлері мен мүдделерін ескереміз және аймақтағы балансты бұзатын ешнәрсе істемейміз.

Израил бұл екі бағдарламаға да қарсылық білдірген болатын. В.Путин Израилға сапар жасаған бірінші Ресей жетекшісі, бүгін біраздан соң ол Израил бас министрі Ариел Шаронмен кездесіп, осы жылдың аяғына таман Мәскеуде Таяу Шығыс саммитін өткізу жөніндегі ұсынысты да сөз ететін болады.

Путин бүл ұсынысты кеше Қайырда жасаған болатын. Палестиндіктер бұл ұсынысты құптап қарсы алса, Израил мен АҚШ оған бірден елп ете қалған жоқ. Жұма күні Путин Батыс жағалауда Палестина жетекшісі Махмұд Аббаспен кездесуі тиіс.
XS
SM
MD
LG