Accessibility links

Қайыр қаласында Ресей елбасы Владимир Путин және Мысыр елбасы Хосни Мубарак сөйлесулер өткізді


Путин Мысырға кеше кешкілік келген болатын. Бұл- Ресей мемлекет басшысының 40 жылдан астам уақыттан бері Мысырға жасап отырған алғашқы сапары. Ресей ресми өкілдерінің айтуынша, қос басшы сөйлесулері барысында Ирақ, Ливан, Сирия елдері мәселелері мен БҰҰ-на реформалар жасау сауалдары талқылануда. Сейсенбідегі бейресми әңгімелері барысында қос елбасы Таяу Шығыс мәселелерін сөз етіскен екен. Пікірлері ұқсас боп шықса керек. Путин сондай-ақ Израйль мен Палестина елдерінде болмақшы.
XS
SM
MD
LG