Accessibility links

Бүгін Ресей президенті В.Путин Таяу Шығыс елдеріне тұңғыш сапарын аяқтайды.


ИЕРУСАЛИМ: Таяу Шығысқа сапарының соңында бүгін Ресей президенті В.Путин Рамалла қаласында Палестина лидері Махмуд Аббаспен және басқа өкілдерімен кездеседі. Палестиндіктер Таяу Шығыс жанжалы бойынша осы күзде Мәскеуде халықаралық конференция өткізу туралы В.Путиннің бастамасын қуана қабылдады. Алайда Израиль мен АҚШ ондай конференцияға әлі ерте деп есептейді. Кеше Иерусалимде В.Путин Израиль премьері Ариэль Шаронмен келіссөз өткізді. В.Путин: “Таяу Шығыстағы әріптестеріміздің арасындағы тепе-теңдікті Ресей бұзбайды” деп мәлімдеп, Израиль басшылығын Сирияға сатылатын ресейлік әуе қорғанысы жүйесі және Мәскеу мен Теһранның ядролық энергетика саласындағы өзара ынтымақтастығы Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндірмейді деп сендірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG