Accessibility links

К.Харрази (Иран): “Еуроодақпен келіссөз сәтсіз болса, Теһран байытылған уран өндіру бағдарламасын қайта қолға алады”.


ЛОНДОН: Иранның даулы ядролық бағдарламасы бойынша бүгін Лондонда Иран мен Ұлы Британия, Франция және Германия кезекті келіссөзіне отырады. Еуроодақтың осы 3 елі Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіріп, оның орнына Теһранға тиімді экономикалық ұсыныс жасап көрмекші. Кеше Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харрази Еуроодақпен арадағы осы келіссөзі сәтсіз аяқталатын болса, онда Теһран байытылған уран өндіру бағдарламасын қайта қолға алады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, келіссөз еш нәтиже бермейтін болса, Теһранға уранды байыту өндірісін қайта бастаудан басқа жол қалмайды. Бұл, оның пікіріше, Иранның өз құқы және оның мұндай құқын ешкім жоққа шығара алмайды.
XS
SM
MD
LG