Accessibility links

“Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымы Беларуссияға неге наразылық білдіреді?


МИНСК: “Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымы Беларуссия үкіметінің ресейлік 2 журналист – орыс тіліндегі Newsweek және “Московский комсомолец” газеттерінің тілшілері Алексей Ахметов пен Михаил Романовты қамауға алауына наразылық білдірді. Аталмыш ұйымның мәлімдеуінше, әлгі 2 журналист өткен сейсенбі күні Украинадағы Чернобыль апатының 19 жылдығына байланысты Минскіде өткен рұқсатсыз митингі туралы жазбақ болғаны үшін тұтқындалды. Беларуссия полициясы Чернобыль апатынан дертке ұшыраған беларусь балаларына шетелдерде емделуіне рұқсат етуін талап етіп шеруге шыққан 32 адамды қамауға алды.
XS
SM
MD
LG