Accessibility links

Дж.Буш: “Біз Ирақта шынында да жақсы жетістіктерге жеттік”.


ВАШИНГТОН: Вашингтонда өткізген баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы ахуалға жақсы баға берді. Оның айтуынша, Ирақтағы АҚШ бастаған күштер көтерілісшілердің тегеурінді қарсылығына тап болды, бірақ “жақсы жетістіктер де баршылық”: “Біз Ирақта шынында да жақсы жетістіктерге жеттік деп ойлаймын. Өйткені Ирақ халқы егеменді қоғамның жемісін көре бастады; халық кеше жаңа үкіметтің жасақталғанын көрді. Біздің қарулы күштеріміз Ирақ армиясын үйрету үстенде және Ирақ армиясы өз міндетін өткен жылғыдан жақсы атқара бастады. Ирақтың қауіпсіздік күштерінің әрекеті арқасында елдегі қауіпсіздік нығая түскен сайын, халықтың да болашаққа деген сенімі арта түседі”.
XS
SM
MD
LG