Accessibility links

Қырғыз парламентінің мүшесіне шабуыл жасалып, ол жараланған


Қырғыз полициясының мәлімдеуінше, парламент депутаты Байаман Еркінбаевқа шабуыл жасалып, ол жарақат алған. Еркінбаевтың айтуынша оқиға бейсенбі күні кешке қарай болған. Жанынан өтіп бара жатқан жеңіл көліктен атылған оқ депутаттың мұрнына тиген. Еркінбаев мұның саяси астары бар дейді. Дегенмен де Бас прокурордың міндетін атқарушы Әзімбек Бекназаров шабуылдың астарында саясат жоқ болуы мүмкін деген.

Б.Еркінбаев бұдан бұрын алдағы болатын президент сайлауына қатысамын деген болатын. Хабарларға қарағанда ол Қырғызстандағы дәулетті кәсіпкерлердің бірінен саналады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG