Accessibility links

Бүгін Лондонда Иранның даулы ядролық бағдарламасы бойынша кезекті келіссөздер өтуде


Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты Еуроодақтың үш мемлекеті Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіріп, оның орнына Тегеранға тиімді экономикалық ұсыныс жасамақ ниетте.

Кеше Иранның сыртқы істер министрі Камал Харрази Еуроодақпен арадағы келіссөз сәтсіз аяқталса, Тегеран байытылған уран өндіру бағдарламасын қайта қолға алады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, келіссөз еш нәтижеге жеткізбесе, Тегеранға уранды байыту өндірісін қайта бастаудан басқа жол қалмайды. Оның пікіріше Иранды мұндай құқынан ешкім де айыра алмайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG