Accessibility links

Қытай басшысы мен Тайвань оппозициясының жетекшісі Бейжінде кездесті


Бейжіндегі кездесуден кейін Қытай президенті Ху Жинтао мен Тайвань ұлттық оппозиция партиясының жетекшісі Лин Чан Қытай мен Тайвань арасында ұзақ уақыттан бер орын алып келген салқынқабақ қарым-қатынасты бейбіт жолмен шешуге шақырған мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде сондай-ақ екі жақтан да Тайванның халықаралық ұйымдарға қатыстылығын қамтамасыз етеміз делінген. Бірақ, мұнда айқын емес бір нәрсе - Тайвань ондай істерге тәуелсіз ел ретінде қатыса ма, жоқ болмаса Қытай оның өзінің бір облысы болғанын қалай ма?

Лиеннің бұл сапары ұлтшылдар мен олардың бұрынғы коммунист жаулары өзара келісімдерге келе бастағаны байқатады. Ұлтшылдар бір кезде Қытайды билеген, ал 1949 жылғы соғыста Қытай жеңіп шыққанда олар Тайванға қашып кеткен еді.

Бейжін Тайванды өзінің сатқын территориясы деп есептегендіктен, оны бақылауына алғысы келеді. Тайвандағы сыншылар болса, Лиенді Тайванды Қытайға сатып жібергісі келеді деп айыптай бастады.
XS
SM
MD
LG