Accessibility links

Бүгін Рамаллада Ресей президенті Вл. Путин Палестина басшысы Махмұд Аббаспен кездесті


Келіссөздер үстінде Вл. Путин Палестин-Израил жанжалын шешу үшін барлық күш-жігер жұмсалуы керек дегенді айтты.

- Менің ойымша бүгін Палестин халқы сіздің басшылығыңызбен бірнеше онжылдықтар бойы орын алып келген маселелерді шешудің нақты мүмкіндігіне ие болып тұрған кезде, құрметті төраға, сізге бар қолдауды көрсетуіміз жане бейбіт процесті қолдауымыз керек, - деп атап көрсеткен Ресей президенті.

Бұл Путиннің Таяу шығыс сапары барысында соңғы келіп тоқтаған жері, бұның алдында ол Египет пен Израилда болған. Қайырда ол осы жылдың аяғына қарай Мәскеуде Таяу шығыс саммитін өткізу жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Бұл идеяны Палестина құптап қабылдағанымен, АҚШ пен Израил оған сақтық танытты.

Израил жетекшілерімен келіссөздер барысында Ресейдің Сирияға зенитті зымырандар сатуы және Иранмен ядролық ынтымақтастық жасап отырғаны үшін Ресей президентіне біраз қысым жасалды. Путин болса Израилға ешқандай қатер төндіретін бағдарлама жоқ деген. Израил сондай-ақ Ресейдің Палестинге жарақтанған 50 отряд жібермекші жоспарына да реніш білдірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG