Accessibility links

Ресей президенті Владимир Путин Таяу шығыс сапарынан Мәскеуге қайта оралды


Президент Путин Мысыр, Израиль және Палестина аймағында болды. Кеше, жұмада, Батыс жағалаудағы Рамалла қаласында болғанда, Ресей Палестина қауіпсіздік күштерін қайта жасақтауға көмек ретінде дайындық жаттығулар өткізуде қатысып, екі тікұшақ береді деді президент.

- Біз, сондай-ақ, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп, қауіпсіздік күштерін дайындықтан өткізуде жәрдемдесеміз. Бастапқы кезде авиация құралдарымен қамтамасыз етіп, полиция қызметкерлерін Мәскеуде дайындықтан өткіземіз, - деді президент Путин.

Путинның айтуынша, Израиль аймақтың заң тәртіп тұрақтылығы үшін Палестинаға көмек қажет екендігін түсінеді. Палестина елбасы Махмұд Аббас, өз кезегінде, Путинның бастамасымен Мәскеуде өтетін Таяу шығыс бейбітшілік конференциясы жөніндегі ұсынысты қуана қарсы алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG