Accessibility links

Италия бүгін мемлекеттік прокурорлардан Ирақтағы АҚШ әскерлері италияндық агентті өлтірген оқиғаны тексеру шараларын күшейтуді сұрады


Екі жақ та бірлесіп зерттеп, тергеу барысында ортақ келісімге келе алмаған болатын. Наурыз айында Ирақта италияндық барлау офицері Никола Калипаридің атып өлтірілуі екі елдің қарым-қатынастарын шиеленістіріп, премьер-министр Сильвио Берлусконидің Ирақ соғысына қолдау көрсеткені қайтадан сыналған болатын.

Калипари кепілдіктен босатылған италияндық журналист Джулия Згренаны әуежайға алып бара жатқанда, олар мінген автомобильді атқылаған АҚШ солдаттарының оғынан қаза тапқан еді. Американдық шенеуніктер солдаттар ережеге сәйкес, бақылау-өткізу бекетіне жақындап келе жатқан автомобильге алдымен "тоқта" деген белгімен ескерту оғын аспанға атып, одан кейін ғана автомобильді көздеген дейді. Ал Италия жағы мұны айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG