Accessibility links

Иран ядролық отын өндіру жөніндегі кейбір қимылдарды қайта бастауы мүмкін


Иранның келісімдер жүргізуші мәмлегері Хасан Роухани Иранның даулы ядролық бағдарламасы жөнінде Еуропа Одағымен жүргізілген келісімдер нәтижесіз аяқталғандықтан, Иран енді ядролық отын өндіру төңірегіндегі кейбір қимылдарды қайта бастауы мүмкін деген. Ал оны қайта жаңғырту немесе біржолата тоқтату жөніндегі түпкілікті шешім келесі аптада қабылдануы тиіс болатын.

Исфахан жабдығы шикі уранды газға айналдыру үшін қолданылады, содан соң оны Натанзға байыту мүмкіндігі туады. Байытылған уран ядролық реакторға отын ретінде, сондай-ақ атом бомбасын жасауға да жұмсалады.

Өткен қараша айында Иран Исфахан мен Натанз бағытындағы қимылдарды тоқтатып, бірақ мұның уақытша және өз еріктерімен жасалып отырған қадам екендігін бірнеше мәрте қайталап айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG