Accessibility links

Бүгін Түркияда Ирақпен көршілес елдердің сыртқы істер министрлері жиналып жатқанда, Ирақта көтерілісшілердің шабуылдары да жалғасып жатыр


АҚШ әскерилері Ирақтың солтүстік-батысындағы жол бомбасының жарылысынан бейсенбі күні төрт АҚШ әскері опат болғандығын бүгін хабарлаған. Мосул қаласында полиция сапы жанында орын алған жарылыстан өтіп бара жатқан әйел қаза тауып, Ирақтың төрт солдаты жарақат алған. Бағдадта да қауіпсіздік күштеріне жасалған шабуылдан кемінде бір полиция опат болған.

Жұма күні Ирақтағы бірнеше бомба жарылысында ең кемінде 50 адам өліп, 100-дей адам жарақаттанды.
XS
SM
MD
LG