Accessibility links

Көршілес жатқан алты елдің сыртқы істер министрлері Ирақтың жаңа үкіметіне қолдау көрсету үшін Стамбулда жиналды


Жұма күні Иордания, Сирия, Кувейт, Иран мен Түркия, Сауд Арабиясының сыртқы мекемелер жетекшілері Ирақтың даумына деген халықаралық көмекке қолдау көрсеткен және елдің территориялық тұтастығына бағытталған коммюнике жобасын әзірлеген болатын. Бүгін қабылдануға тиіс бұл ресми құжатта Ирақтың территориялық тұтастығы, оның көршілері үшін маңызды екендігі атап көрсетілген.

Түркия мен Иранда, Сирияда күрдтер көптеп тұрады. Сондықтан да олардың өз алаңдаушылықтары бар. Бүгінгі басқосуда Ирақ сыртқы істер министрі, өзі де күрд өкілі Хошияр Зебари күрдтер жаңа үкімет құрамында күрдтер ретінде емес, біріккен Ирақты құрып жатқан осы елдің тұрғыны ретінде қатысуда деп айтқан.
XS
SM
MD
LG