Accessibility links

Бүгін Мысыр астанасы - Қайыр қаласында екі бірдей төтенше оқиға орын алды


Жаңалықтар агенттіктерінің хабарлауынша, екінші жайт - автобус аялдамасындағы атыс па, болмаса жарылыс па, ол жағы нақты белгілі емес. Және оның қаланың қай аймағында болғаны да бірден анықталмаған.

Ал одан екі сағаттай бұрын Қайырдағы Мысыр мұражайының жанында болған жарылыста бір адам қаза тауып, сегіз турист жарақат алған еді. Қайыр мұражайы - Фараондарды көру үшін туристер ең көп баратын орын. Осы айдың басында Қайыр базарында бомба жарған жанкешті өзімен бірге үш туристің өмірін алып кеткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG