Accessibility links

Ирақтың оңтүстігінде Саддам жүйесі құрбандарының мәйіті табылды


Ирақтың адам хұқтары жөніндегі уақытша министрі Бахтияр Амин елдің оңтүстігінде іздестіру жүргізушілердің ұзын саны 1500-ден асатын күрдтердің мәйіті көмілген ортақ бейіт табылғанын айтқан. Бахтияр Амин Ондағы мүрделер 1980 жылдардың аяқ кезінде Саддам Хусейіннің күрдтерге қарсы жүргізген науқаны барысында өлтірілген күрдтер екендігіне сенімді.

- Олардың арасында бес қана ер адам болған, қалғаны түгел әйелдер мен балалар, жасөспірімдер. Олар Күрдстанның күрдтері. Бұл - 1988 жылы Саддам режимі жүргізген Ал-анфал науқанының құрбандары екеніне күмәніміз жоқ, - деді министр.

Оңтүстіктегі Самайа қаласының жанынан табылған көп адам мәйіттері - Саддам Хусейінге қарсы арнайы трибунал жүргізу үшін қолданылатын айғақтың бірі болмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG