Accessibility links

Ауғанстанда Талибан қозғалысы жағында соғысқан 86 адам абақтыдан босатылды.


КАБУЛ: Бүгін АҚШ армиясы Ауғанстанда 80-нен асатын тұтқынды босатты. Ауғанстанның барлау қызметінің өкілі хабарлағандай, АҚШ армиясының Баграм қаласында ораналасқан әскери базасынан автобустармен Кабулға бас-аяғы 86 ер адам жеткізіліп, арнайы рәсімнен кейін түгел тұтқыннан босатылды. Барлаушының атап көрсетуінше, қамауда отырған 2.5 жылдың ішінде әлгі тұтқындардың бірі де АҚШ-тың Куба аралындағы Гуантанамо базасына аяқ баспаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG