Accessibility links

1-інші Мамыр мерекесін Ресей мен Еуропа және кейбір Азия елдері атап өтуде.


МӘСКЕУ: Бүгін – 1 -інші мамыр - еңбеккерлер мен жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы күні бүкіл әлемде шерулер мен жиындар өтіп жатыр. Мәскеуде 20 мыңдай адам айлық жалақының ең төменгі деңгейін көтеруді талап етіп шеруге шықты. Ресей коммунистері мен оппозиция өкілдері бұрынғы Совет Одағының қызыл жалауын және Ленин мен Сталиннің портреттерін көтеріп шықты. Мұндай шерулер Ресейдің 600-дей қаласы мен елді-мекендерінде болып өтті. Бангладеште ең төменгі жалақыны ұлғайтып, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын жақ сартуды талап еткен мыңдаған жұмысшы шеругше шықты. Соңғы күндері автобомбалардың талай рет қаланы дүр сілкіндіргенін қарамастан Бағдадта да осы күні бірнеше ондаған жұмысшы шеру ұйымдастырды. Бүгін Нью-Йорктің орталық саябағында Ирақтағы соғысқа қарсы және ядролық қарудан бас тартуға шақырған митингі өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG