Accessibility links

Италияндық барлаушының қазасы бойынша Америка-Италия бірлесіп жүргізген тергеудің қорытындысын Рим неге мойындамайды?


РИМ: Италия үкіметі өзінің барлаушы Никола Калипаридің 4 наурызда Бағдадта АҚШ жауынгерлерінің оғынан қаза болуының жай-жапсарын өзі тергемекші. Ол жайында италиян сыртқы істер министрлігінің интернет-парақшасында айтылады. Италияндық журналист әйел Джулиана Сгренаны Ирақтағы экстремистердің тұтқынан босатып, автокөлікпен Бағдад әуе жайына алып келе жатқан сәтінде агент Калипари АҚШ жауынгерлерінің жаудырған оғынан қаза болды. Кеше Ирақтағы АҚШ әскері Калипаридің автокөлігі АҚШ жауынгерлері күзеткен поста жүрісін баяулатпады, сол себепті де оған оқ атылды деген тергеу қорытындысын жариялады. Бірақ Америка-Италия бірлесіп жүргізген тергеудің қорытындысына 2 италияндық сарапшы қол қоймады.
XS
SM
MD
LG