Accessibility links

Бүгін Ирақта қантөгіс жалғасып, тағы 9 адам құрбан болды, 21-і жараланды.


БАҒДАД: Бүгін Ирақта 9 адам қаза болып, 21 кісі жараланды. Оның ішінде Бағдадта АҚШ-тың әскери керуені өтіп бара жатқан сәтте бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан кем дегенде 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, бесеуі жараланды. АҚШ күштері жағынан қанша адам шығыны болғаны жайында әзірше еш мәлімет жоқ. Сондай-ақ бүгін таңертең көтерілісшілер Бағдадта күзет постын атқылап, аяғынан жараланған бір полицейдің айтуынша, беттеріне маска киген қарақшылар күзет постын қоршап алып, оған жан-жақтан оқ жаудырған; ақырынды 5 полиция қызметкері оққа ұшқан. Бағдадтың басқа ауданында полиция патрулі атқыланды. Хилла қаласында да бүгін екі шабуыл жасалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG