Accessibility links

Дж.Хоуард (премьер-министр): “Аустралия Ирақтан өз әскерін шығармайды”.


СИДНЕЙ: Ирақтағы экстремистердің аустралиялық азаматты өлтіреміз деп қоқан-лоқылық жасауына байланысты Аустралия премьері Джон Хоуард жергілікті радиодан бүгін сөйлеген сөзінде: “Аустралияның сыртқы саясатына лаңкестер жөн сілтей алмайды және Аустралия Ирақтан өз әскерін шығармайды”, -деп мәлімдеді. Джон Хоуард бұл сөзін Ирақтағы экстремистердің тұтқынында отырған 63 жастағы Аустралия азаматының АҚШ пен Англияны және Аустралияны Ирақтан өз күштерін шығаруға шақырған бейнетаспасы шыққан соң жасап отыр. Бейнетаспада әлгі тұтқын: “Жанұям, достарым, АҚШ, британ және Аустралия әскерлерінің Ирақтан кетуіне көмектесіңдер, Ирақ өзіне өзі қамқор болсын! Ирақ халқы өзін өзі күте алады. Маған көмектесіңдер! Мен өлгім келмейді!” – деп жалбарынады.
XS
SM
MD
LG