Accessibility links

Ирақта соңғы 3 күнде кем дегенде 110 адам, ал бүгін тағы 8 кісі құрбан болды.


БАҒДАД: Өткен 3 күннің ішінде Ирақта көтерілісшілердің шабуылдары мен жарылыстардан кем дегенде 110 адам құрбан болды. Ал бүгін Бағдадта қатарынан 3 жарылыс болып, кем дегенде 8 кісі қаза тапты. Бірінші автобомба Бағдадтың дүкендер шоғырланған көшесінде жарылып, одан аз дегенде 5 бейкүнә адам қаза болып, көрші үйден өрт шықты. Екінші жарылыс Бағдадтың шетінде ішкі істер министрлігінің жоғары шенді өкілі көлігімен өтіп бара жатқан сәтте, ал үшіншісі - полиция партуліне қарсы бағытталып, одан 2 полиция қызметкері опат болды. Бүгін,-сондай-ақ, Англияның қорғаныс министрлігі 1 британ жауынгерінің Ирақта алған жарақатынан көз жұмғанын хабарлады. Ирақта қаза болған британдықтардың саны 87-ге жетті.
XS
SM
MD
LG