Accessibility links

Ж.-К.Юнкер (Брюссель): Қытайға экспортталатын қарудың мөлшері Азия құрлығының қауіпсіздігіне қатер төндірмейді


ЛЮКСЕМБУРГ: Бүгін Жапония премьері Дзюничиро Коидзуми Еуродақ басшылығымен арада Люксембургте басталған келіссөзінде Еуроодақтың Қытайға қару сатуын шектеу шарасын жоймауға шақырды. Осы күні Еуроодаққа төрағалық ететін Люксембургтің премьер-министрі Жан-Клод Юнкер Қытайға қарсы қолданған әлгі шектеуін Брюссель жояды, бірақ Қытайға экспортталатын қару Азия құрлығының қауіпсіздігіне қатер төндірмейді деп мәлімдеді. Жапон-Еуроодақ басшылығының Люксембургтегі бас қосуы барысында тараптар ядролық реактордың жаңа үлгісін қайда салу мәселесін шешіп көрмекші. Бір топ ел әлгі реактор Жапонияда, елдердің екінші тобы оны Францияда тұрғызуды ұсынады.
XS
SM
MD
LG